- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына әзірлік талқыланды
Сенатта «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына әзірлік талқыланды
5 Ақпан, 2016 14:47
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 31 мамыр - 1 маусымда Астанада өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының XV отырысына әзірлік және оны өткізу мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Аталған шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық үнқатысуды ілгерілету және терроризмге төтеп беру жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталған.
Сенат Төрағасының пікірінше, Съезд Хатшылығының кезекті отырысының қарсаңында конференцияны өткізу түрлі елдердің беделді діни қайраткерлері мен парламентшілерін бір үстелге бастарын қосуға мүмкіндік береді.
Қ.Тоқаев шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және мазмұнды әзірлікті қамтамасыз етуді тапсырды. Кеңесте Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов сөз сөйледі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
"Тамыз" кеңесі: мұғалімдердің жалақысы, қомақты сыйақысы және баспана мәселесі талқыланды -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды -
Сенатта цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды