О.Перепечина: ҚР Заңдары ел экономикасын дамытуға бағытталған

5 Ақпан, 2016 14:32
2015 жылы ҚР Парламентінде қабылданған 80 заң Қазақстанның экономикасын дамытуға бағытталған, деп ҚР Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.

«ҚР Президенті заңнамалық қамтамасыз ету мен Жолдаудың іске асуына үлкен тапсырма қойды. Бүгінгі күні бес институционалды реформаның заңнамасын қамтамасыз ету жолында бірталай жұмыстар атқарылды. Өткен жылы 80-нен астам заңдар қарастырылып қабылданды. Олардың негізгі бөлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеді. Бұл заңдардың барлығы елдің экономикасын дамыту мен қоғамымызды модернизациялауға бағытталған»,-деді ол.

Депутаттың айтуы бойынша, тәуелсіздік  жылдары жүзеге асырылған барлық реформалар еліміздің жағдайын жақсартады. Ал 5 институционалды реформа- Қазақстанның даму жолы, алдағы әлеуметтік модернизациясы мен әлемдік қаржы дағдарысы мен саяси тұрақсыздыққа қарамастан экономикалық өсім болып келеді.

«Халықтың негізгі бөлігі мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының жағдайына аландауда. Мемлекет басшысы Жолдауында барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Қазақстанның барлық құндылықтары-бейбітшілік, келісім, тұрақтылық пен өркендеу әлемде болып жатқан дағдарыс пен геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан сақталып қалады»,-деді сенатор.

Естерінізге сала кетейік, 30 қараша айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынға Жолдауын халыққа жолдады. Жолдауда айтылған тапсырмалар мен жобаларды іске асыруға 7,5 трлн теңге бөлінді.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар