• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Нұрымбетов: ҚР жұмыспен қамту орталығы жылына 2 млн адамға қызмет көрсетеді

Б.Нұрымбетов: ҚР жұмыспен қамту орталығы жылына 2 млн адамға қызмет көрсетеді

5 Ақпан, 2016 12:56
ҚР жұмыспен қамту орталығы жылына 2 млн адамға қызмет көрсетеді, деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов «Халықты жұмыспен қамту» заң жобасының нормаларын түсіндіруге бағытталған брифингте.

«198 жұмыспен қамту орталығы 1 млн 800 – 2 млн адамға қызмет көрсетеді», - деді ол.

«Заң жобасында белсенді жұмыспен қамту шаралары әрқайсысы үшін азаматтардың басым санаттары белгіленгені өте маңызды. Кәсіби оқыту шараларына жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жұмыссыздармен қатар, еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүрген тұлғалар бағытталады. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыз азаматтарға беріледі», - деді ол.

«Жастар практикасына 29 жасқа дейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің арасындағы жұмыссыздар бағытталады. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздармен бірге, студенттер мен жазғы демалыс мерзіміндегі жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып қалған уақытында жұмыспен қамтылмаған азаматтарды орналастыру ұсынылады. Сонымен қатар, заң жобасы мүгедектерді, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар мен интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квота бөлуді қарастырады», - деді Біржан Нұрымбетов.  

Вице-министрдің пікірінше, заңнамаға енгізілетін тағы бір маңызды жаңалық - жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес, экономикалық негіздеме бойынша жұмыстан босатқанда, қызметкерлердің санын немесе штатты қысқартқанда, жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни, кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту болып табылады.

Осы шараларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар аударылған адамдар үшін, сол сияқты аударымдары жоқ адамдар үшін: тегін консультация және кәсіби бағдар беру; сондай-ақ: білім беру қызметтеріне, стипендия төлеу, тұру және жолақы шығындарын өтеуді қамтитын материалдық көмек шығындарын толық өтей отырып, оқуға жіберуге; бюджет қаражаты есебінен еңбекақысын толық субсидиялай отырып 6 айға дейін жастар практикасына бағыттауға; жалақысын жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің 35 пайызына дейін (бірақ ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде) 1 жылға субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; егер адамның немесе отбасындағы әрбір мүшеге отбасының табысы белгіленген кедейлік шегінен аспаса, атаулы әлеуметтік көмек көрсету; мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар аудару көзделуде.

 

Барлық жаңалықтар