Алматы облысында дене шынықтыру - сауықтыру орталығы ашылды

5 Ақпан, 2016 18:13
Бүгін Панфилов ауданының Жаркент қаласында дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Салтанатты шара облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әсіресе жастардың арасында саламатты өмір салтын дәріптеудің, спортта жоғары жетістіктерге жету мен бұқараның дене шынықтырумен, спортпен белсенді айналысуына қажетті барлық жағдайларды жасаудың маңызын жиі айтады. Сондықтан спорт біздің өміріміздің өзегі, өскелең ұрпақтың негізгі болуы тиіс. Бүгінгі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы – кәсіби спортшыларға да, спортты жақсы көретін адамдар үшін де айтулы оқиға, - деді өңір басшысы А. Баталов.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ойын залы, бокс залы, тренажер залы, сол сияқты 480 орынды стадион, волейбол, баскетбол алаңдары бар.

Бүгінгі күні мұнда 925 жасөспірім спортпен айналысса, кешкі уақытта аудан тұрғындары бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданады.

Жалпы Аталмыш кешеннің құрылысына 542,3 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Алматыкультбытстрой» ЖШС жүргізген. 

Барлық жаңалықтар