Ақтөбеде 6357 мүлік жария етілді - әкімдік

8 Ақпан, 2016 08:56
Мүлікті жария ету Заңының 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылуына байланысты комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жүргізуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Құжаттарды қабылдау күнсайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1 қабат, №3 кабинетте, сағат 9.00 ден 17.00 ге дейін жүргізуде.

Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың 2016 жылдың 3 ақпанындағы ақпаратына сәйкес комиссияға 4047 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды жария ету бойынша.

“Келіп түскен арыздардың ішінде, жалпы 4013 арыз қаралды, 937 арыз қайтарылды, 3072 арыз бойынша объектілер комиссияда қаралып, жария етілді, ал 4 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 34 арыз қаралуда. 14 млрд теңгеге 6357 мүлік жария етілді”, - делінген хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар