- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Валиев: Қазақстанда барлық этностарға тең құқық пен мүмкіндіктер беріледі
Р.Валиев: Қазақстанда барлық этностарға тең құқық пен мүмкіндіктер беріледі
«Қазақстан бірегей мемлекет. Олай дейтін себебім, ҚХА жылы барлық облыстар мен өңірлерде бекер аталып өтілген жоқ. Қазақстан Президентінің «Мәңгілік ел», Ұлт жоспары «100 нақты қадам» сияқты идеяларын жүзеге асыру барысында барлық этномәдени орталықтар бірігіп, белсенді жұмыс атқаруда. Бұның барлығы этносаралық келісімнің жемісі. Біздің еліміз бөлектенетіндердің мекені емес. Керісінше бірлікке жұмылатын ел. Ертеде қазақтар осы елге қоныс аударып келген өзге халықтарды үлкен қонақжайлылықпен қарсы алғаннан кейін де Қазақстанда барлық этностарға тең құқық пен мүмкіндіктер берілді. Біздің елде кім кәсіпкер болғысы келеді, кім ғалым боламын десе, тағы басқа да өз қызығушылығы бойынша қандай жұмыс істеп, жоғары көтерілемін десе, ол үшін барлық жағдай жасалған»,- дейді Р.Валиев.
Этномәдени орталық төрағасының айтуынша Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл жай ғана институт емес, еліміздің заңшығарушы органдарына кандидаттарды ұсынатын саяси ұйым.
«Әрине, біз Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясын құрғаны үшін көп рахмет айтамыз. ҚХА – бұл этномәдени орталықтардан депутаттарды ұсынатын саяси ұйым. Бұл дәрежемен тек Қазақстан емес, тәуелсіз мемлекеттер одағы мақтанады. Өйткені әлемде этносаралық мәселелер әлі де күрделі проблема күйінде күн тәртібінде тұр. Бізге қазір зауыттар мен фабрикаларды көптеп салып, елімізге инвестиция тартумен айналысуымыз керек. Өйткені бізде саяси тұрақтылық бар, халықтар достығы нығайған мемлекетпіз»,- деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, елімізде 2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы ретінде ерекше аталып өтілген болатын. Онда еліміздің барлық аймақтары мен аудандарын қосқанда 9 млн. адам қатысқан 30 мың іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Анар Тәңірқұлова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда