- Басты
- Жаңалықтар
- С.Сұлтанғали: Алдағы сайлауда әлеуметтік саясат «Бірлік» партиясының басым бағытының бірі болмақ
С.Сұлтанғали: Алдағы сайлауда әлеуметтік саясат «Бірлік» партиясының басым бағытының бірі болмақ
«Әділетті де ашық қоғам орнатып, халыққа адал қызмет ету, қоршаған орта, қоғам, ниетіміздің таза болуына қажетті шартты қалыптастыру – міне, осы қағидаларды халықпен бірлесіп, жүзеге асыруды көздейміз. Біз Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен азаматтары үшін аса маңызды бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Біздің саясатымыз Президенттің ел тағдырын халықпен бірлесіп жасаймыз деген үндеуімен толық келісім табады. Сондықтан біздің сайлау науқанындағы ұранымыз – ізгі ниет, адал қызмет, таза орта! Біз осы мақсаттарымыз арқылы басқалардан озып тұрмыз. Егер сіздер үшін бұл құндылықтар қымбат болса, бізге дауыс беріңіздер дейміз», - деді съезде партия төрағасы.
Оның айтуынша, ең алдымен, партияның саясаты руханият пен мәдениетті дамытып, ниет тазалығын сақтауға бағытталған.
«Тек «Бірлік» қана емес, барлық партиялар да руханиятты қайта жаңғыртуға, мәдениетті сақтауға және дамытуға ниетті. Бірақ біздің олардан ерекшелігіміз бар, бұл мәселелермен жүйелі түрде мемлекеттің мәдениетке қатысты көзқарасын өзгертуге ұмтыла отырып айналыспақпыз. Қалалар мен ауылдардағы барлық халық театрлар мен басқа да мәдениет ошақтарын жаңғыртуды көздейтін жоспарымыз бар», - деді С.Сұлтанғали.
Айта кетейік, Астанада «Бірлік» саяси партиясының кезектен тыс II съезі өтіп жатыр. Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 34 делегат сайланған. Съезде партияның «Ізгі ниет! Адал қызмет! Таза орта!» сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту көзделіп отыр. Жалпы, «Бірлік» партиясының қатарында бүгінгі күні 53 мың адам бар.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді