Астанада дінтанушылардың III Форумы өтуде

13 Қараша, 2013 10:31
Бүгін, 13 қарашада Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігі, Дінтанушылар Конгресімен біріге отырып ҚР Дін істер агенттігінің ұйымдастыруымен дінтанушылардың III Форумы ашылды, деп хабарлайды Агенттіктің баспасөз қызметі.

«Еліміздің дінтанушыларының үшінші форумы елдегі діни ахуалдың жағдайы мен болашағы жайындағы мәселелерді кеңінен қамтиды. Шара барысында 2013-2017 жылдарға арналған ҚР-дағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру механизмі мәселелері басты назарға алынбақ», - делінген хабарламада.

Форум жұмысына Президент әкімшілігі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, отандық танымал дінтанушы-ғалымдар, теологтар, ЖОО мен мектеп мұғалімдері, болашақ дінтану мамандары, сонымен қатар,  діни бірлестіктер, үкіметтік емес сектор мен БАҚ өкілдері қатысады.

Шара пленарлы отырыс формасында өткізіліп, «Зайырлы мемлекеттің  дін саласындағы саясатын іске асыру: діни тәжірибе және қиындықтар», «Қазақстанның зайырлы оқу орындарындағы дінтану негіздерін оқыту сапасын арттыру: әдістемелік және тәжірибелік аспектілер», «Зайырлы мемлекеттегі діни радикализмның алдын алу әдістемесі», «Қазақстанның аумағындағы Ислам тарихы» тақырыптары ортаға тасталады.

Барлық жаңалықтар