• Басты
  • ҚР ҚК-нің әскери теңізшілері Теңіз биатлоны-2016-ға дайындықты бастады (ФОТО)
5 Ақпан, 2016 20:26

ҚР ҚК-нің әскери теңізшілері Теңіз биатлоны-2016-ға дайындықты бастады (ФОТО)

Бүгінгі таңда ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері корабльдерінің экипаждары кемелеріне, қайықтарына өздігінен қызмет көрсету үшін рұқсат алуға, ал корабльдің қолбасшылығы корабльді өздігінен басқару үшін сынақ тапсыруда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
ҚР ҚК-нің әскери теңізшілері Теңіз биатлоны-2016-ға дайындықты бастады (ФОТО)

Экипаждар сынақ парақшаларын тапсыруды аяқтағаннан кейін Армия ойындарына, дәлірек айтсақ, биатлонды өткізу ережесіне сәйкес корабль экипаждары арасында өтетін «Теңіз биатлоны – 2016» байқауына қатысу үшін іріктеу айналымы басталады.

Жарыс кезінде корабль экипаждары әуе және суасты қарсыластың тойтарысын, борттың сыртына құлап қалған адамды құтқаруды, апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсетуді, корабльдің жандылығына күресуді пысықтайтын болады.

Теңіз биатлонына қатысушылардың былтырғы жылғы тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери теңізшілері жоғары жауынгерлік даярлық пен экипаждың үйлесімділігін көрсетті.

«Теңіз биатлонына қатысу үшін іріктелініп қабылдану – әр теңізші үшін абырой болып саналады. Курстық тапсырмаларды сапалы орындау Армиялық теңіз биатлоны – 2016-да экипаж қатарында болуға мүмкіндік береді», - деп әскери қызметшілер атап өтуде.

 Жыл сайын ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері корабль топтарын, сондай-ақ суасты қайықтарына, суастыға қарсы диверсиялық қорғаныс құралдарына, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауға қарсы жауынгерлік іс-қимылдардың барлық түрлерін жүргізуге олардың қолбасшылығын жан-жақты дайындау үшін курстық тапсырмалардан өтеді, корабльдің жандылығына күресуді (сумен және өртпен күресу), барлау мен радиоэлектрондық күресуді жүргізуді пысықтайды.

Аталмыш курстық міндеттерді тапсыру кезек-кезегімен бір жыл ішінде өтеді. Сонымен, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов ҚР ҚК ӘТК әскери корабльдерінің жауынгерлік кезекшлікті атқаруын қорытындылады. Ол жауынгерлік кезекшілікке түскенге дейін әскери корабльдерді анағұрлым мұқият (азық-түлікпен, су қорымен, жанармаймен және т.б. толтыру) дайындау қажеттілігіне, ал жауынгерлік кезекшілікті атқару барысында әскери корабльдер экипажы жұмысының үйлесімділігіне жіті назар аудару қажет екенін қадап айтты.

 Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері әскери-теңіз жалауын көрсету, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді қамтамасыз ету үшін Каспий теңізі бойынша үш жорыққа шыққанын айта кетейік.

Барлық жаңалықтар