Жамбыл облысында 4 қосымша сайлау учаскесі ашылды

5 Ақпан, 2016 11:09
Жамбыл облысында Мәжіліс пен мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауына 4 қосымша сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жамбыл облысының аумағында 681 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде  12 – өңірлік, 205 – қарулы, 464 – учаскелік сайлау комиссиясы.

«Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2016 жылдың 20 наурызында өтетін Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарға сайлауды жүзеге асыратын облыстық өңірлік комиссия дайындықты күнтізбелік жоспар бойынша жүргізуде. Бұл жоспар ОСК бекітілген болатын. Бүгінгі таңда ол уақытылы орындалды. Облыстық, қалалық, аудандық газеттерде сайлау учаскелерінің материалдары жарияланды. Жамбыл облысында сайлау учаскелері бойынша дайындық белсенді жүруде. Өңірде 464 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 4 қосымша учаске ашылды. Оның 3-уі Таразда болса, біреуі Құлан ауылында», - деді М.Сарыбеков

«28 қаңтарда облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерде облыстық сайлау комиссиясы таныстырылады. 4 наурызға дейін ОСК-да сайлаушылардың тізімі болуы керек. Қазір тізімді нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде», -деп қорытындылады облыстық  өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы.

 

Барлық жаңалықтар