Астанада «Бірлік» партиясының II съезі өтуде

5 Ақпан, 2016 10:19
Астанада «Бірлік» Саяси партиясы» қоғамдық ұйымының кезектен тыс II съезі өтуде. Шара Елбасы Н.Назарбаевтың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу шешіміне орай ұйымдастырылды.

Кезектен тыс II съезд барысында «Бірлік» Саяси партиясы» қоғамдық ұйымы Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысу шешімі мен партияның сайлауалды бағдарламасын қабылдау қарастырылуда.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің тізімін ұсыну жоспарланып отыр.  

Съезд жұмысына пария мүшелері мен хатшылары, партияның облыстық, аудандық, қалалық  делегаттары қатысады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар