• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Ыдырысов Мемлекет басшысының қатысуымен коллегияның қорытынды жиналысын өткізді

Е.Ыдырысов Мемлекет басшысының қатысуымен коллегияның қорытынды жиналысын өткізді

5 Ақпан, 2016 10:02
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саяси мекеме басшылығымен апараттық кеңесін өткізді. Жиналысқа 2016 жылғы 3 ақпанда ҚР СІМ коллегиясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша нақты шаралар қарастырылды, деп ведосмтвода хабарлады.

Өздерініз білетіндей, коллегияның басты тақырыбы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан дипломатиялық миссияларының қызметінде сыртқы сауда нығайту арқылы сыртқы саясаттың үнемдеу мәселесі талқыланды.  Осыған орай Е,Ыдырысов  ведомство қызметкерлерін жұмыс нәтижелігі мен тиімділігін арттыруға бағыттады.

«Мемлекет басшысы  қазіргі орын алып жатқан экономикалық жағдайда  бірінші кезекте әдістерді жетілдіріп, «экономикалық дипломатияны» кеңейту керектігін айтып өтті.  Әрине, бүгінгі күні сыртқы істер министрлігіне шет елдік инвестицияларды жұмылдыру, индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыруда жұмыс атқару, «Нұрлы жол» бағдарламасы басты бағыт болып келеді. СІМ алдағы уақытта еліміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызығушылықтары бойынша еңбек етеді.  Бұл Қазақстанның халықаралық жағдайын нығайтып, щет елдің мемлекеттерімен екі жақты  ынтымақтастығын нығайтады»,-деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар, жиналыс барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде шет мемлекеттердің кең және мағыналы қатысуын қамтамасыз ету  жұмысының одан әрі жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Барлық жаңалықтар