• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында 2015 жылы “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша 5 нысан пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 2015 жылы “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша 5 нысан пайдалануға берілді

5 Ақпан, 2016 09:46
Жамбыл облысында 2015 жылы “Ақ бұлақ” бағдарламасы бойынша 5 нысан Жамбыл ауданы а.Айша-биби, Байзак ауданы а.Жетыбай-Ынтымақ пен Тұймекент-Ынтымақ, Мойынкум ауданы а. Кияхты-Мирный, Қордай ауданы а.Бетқайнар пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жамбыл облысының құрылыс, жолаушылар транспорты мен автомобильдік жолдар басқармасының  басшысы Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша Жамбыл облысы бойынша 2015 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 8 нысан құрылысына республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген – 1,85 млрд.теңгенің 1,84 млрд. теңгесі игеріліп  /99,5 пайыз/, 5 нысан пайдалануға тапсырылды, 1 нысанның тапсырылуына қол жеткізілмеді, қалған 2 нысан 2016 жылға өтпелі екендігін айтты.

“Нәтижесінде, облыстың 373 ауылдық елді мекенінің 228 немесе 61,1 пайызы (2014 жылы 59,5%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қазіргі күнге  республикалық  көрсеткіш - 51,5%.   1 нысан (Байзақ ауданы Дихан-2 а.) құрылысы аяқталмай қалды, 2 нысан (Аккол а., Жалпақтөбе а.)  келесі жылға өтпелі. Қалған 142 елді-мекен немесе (38,1%) орталықтандырылмаған, 3 елді-мекен – тасымалданатын сумен қамтылған (0,8 %)”, - деді ол.

2016-2017 жылдарға ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ-лары әзірленген 9  нысанды және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 нысанды  қаржыландыру туралы жалпы сомасы 6,1 млрд.теңгеге өтінім тапсырылғанымен, тек 2015 жылдан өтпелі 1 нысанға ғана (Жалпақтөбе а.)  752,1 млн. теңге бөлінді. Алдағы жылдары республикалық бюджеттен 10 нысанды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізіліп, құрылысын іске асыру жоспарлануда.  

“Бүгінде барлық аудандарда  8-9 жобадан ауыз су нысандарына ЖСҚ-лар  әзірленуде. Осыған орай, қазіргі кезеңдегі ерекше экономикалық саясатқа байланысты, аудан әкімдіктерін ауыз сумен қамтамасыз етуге  ЖСҚ-лар әзірлеуде бюджет қаражатын босқа, тиімсіз жұмсамауға шақырамын, өйткені ЖСҚ-лардың жарамды мерзімі 3-ақ жыл, ал оларды іске асыру республикалық бюджетке тікелей тәуелді”, - деді ол.

Барлық жаңалықтар