• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бір жергілікті пункт аумағындағы сайлауда дауыс беру үрдісінде есептен шығару куәлігі берілмейді – ОСК

Бір жергілікті пункт аумағындағы сайлауда дауыс беру үрдісінде есептен шығару куәлігі берілмейді – ОСК

4 Ақпан, 2016 16:17
Бір жергілікті пункт аумағында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауында дауыс беруде есептен шығару куәлігі берілмейді.

ОСК хатшысының айтуынша, бюллетеньдер саны сайлаушылардың санына байланысты басылып шығарылады. Ал сайлаушылардың санын жергiлiктi атқарушы органдар, әкiмдiктер жiбередi. Жалпы олардың саны 23 ақпанға дейiн анықталады.

Себебi кандидаттарды тiркеу мерзiмi 23 ақпанда аяқталады. Сайлаушылар саны соңғы күнге дейiн анықталатындықтан бюллетеньдер 1 пайыз артық шығарылады. Қазiргi таңда өңiрлерде 13 баспахана анықталды, жұмыс әрi қарай жалғасатын болады. Олар барлық сайлау округтерiн бюллетеньмен қамтамасыз етедi. Бір жергілікті пункт аумағындағы сайлауда  дауыс беру үрдісінде    есептен шығару куәлігі берілмейді

Естерiңiзге салып өтсек, жергілікті билік органдарына барлық деңгейдегі 3335 мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады. Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген.

Барлық жаңалықтар