- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Созақ ауданында жайылым жерлердің көлемі артады
ОҚО-ның Созақ ауданында жайылым жерлердің көлемі артады
Бұл туралы «Қазсушар» РМК ОҚФ Созақ өндірістік бөлімшесі басшысының орынбасары С. Алтыбаев хабарлады. Еске салсақ, өткен жылы көршілес Қырғызстаннан Шу өзені суының аз келуіне байланысты, аудандағы «Тасөткел» су қоймасына жиналатын су көлемі азайып, ағын су сәуір айында ғана келген болатын.
Нәтижесінде, өзен суы бар болғаны 5 мың гектар жерге жайылған еді. Аудан басшылығының тыңғылықты жүргізілген келіссөзі мен жұмыстарының нәтижесінде, осы жылы «Тасөткел» су қоймасы мен Фурманов су торабынан қажетті су ерте жіберіліп, қазіргі таңда өзен суы Шу, Тасты ауылдарына дейін келді. Айта кетейік, бастауын Қырғызстанның ақбас Алатауынан алатын Шу өзенінің суы Жамбыл облысындағы бірнеше ауданды бойлай өтіп,
Созақ ауданына дейін келеді. Ұзындығы 1100 шақырымға созылатын Шу өзені жағалай қоныстанған ауылдар мен елді мекендердің күн көріс көзі. Негізгі кәсіп көзінің бірі - мал шаруашылығы болып саналатын Теріскей жұрты үшін Шу өзенінің маңызы өте зор. Су мол келсе балығын аулайды, жайылымның құнары артып, мал өрісі кеңейіп, жергілікті шаруаның ырзық несібесі көбейеді.
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Шымкент шаһарының дамуы: Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 54,3%-ға артқан -
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма