- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-ның Бөкей ауданында сүт өңдеу цехы ашылды
БҚО-ның Бөкей ауданында сүт өңдеу цехы ашылды
Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде осындай өндіріс орындарын ашу игілікті іс екендігін жеткізді. Шындығында да облыс орталығынан 600 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылда заманауи сүт цехының ашылуы ауыл-аймақ тұрғындары үшін ерекше оқиға болды.
Өңірге танымал кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлова өз шаруашылығында 60-тан астам ірі қара өсіреді. Ауданда осыған дейін сүт өндіретін орын болған жоқ.
Цехта үш адам жұмыс жасайды. Технолог пен операторды жабдықты монтаждап, қондырған ресейлік мамандар үйретіп шығарды.
«Бөкей ордасы ежелден малды өңір болып саналады. Сондықтан шикізаттан тапшылық бола қоймас. Оның үстіне өзім асыл тұқымды сүтті сиырды көбейтуді ойластырудамын. Цехқа сүтті шаруалар мен тұрғындар да тапсыра алады. Қазіргі кезде мал өсіріп, пайда табамын деген адамдарға мемлекетіміз толық жағдай жасап отыр. Біз қазіргідей, еліміз ДСҰ-ға кіріп, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өмір сүріп отырған кезеңде бәсекеге қабілетті болу үшін малды бағып қана қоймай, оның өнімдерін сапалы өңдей білуге де тиістіміз. Осыны кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы ретінде ауыл тұрғындарына түсіндіруден жалықпаймын»,- деді Б.Жұмағұлова.
Айта кетейік, аталмыш сүт өңдеу цехы - Батыс Қазақстанда индустрияландыру картасына енгізілген жобаның бірі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті