• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы көліктік бақылау инспекциялары қызмет көрсету үшін 72 мыңнан астам өтінішті қарастырды

2015 жылы көліктік бақылау инспекциялары қызмет көрсету үшін 72 мыңнан астам өтінішті қарастырды

4 Ақпан, 2016 18:27
2015 жылы көліктік бақылау инспекцияларымен 72 082 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін өтініш қарастырылған, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Олардың арасында 15 927 өтініш халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келіп түскен, жалпы санынан 22% құрайды, www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы - 56 155 өтініш, 78% тиісінше.

Автомобиль көлігі саласында көлік комитетінің аумақтық органдарымен мыналар:Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру; халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру;Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру;Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу;Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру;1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру; көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар