- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Біртанов: Медициналық көмектің әлеуметтік маңызды тегін қызметі міндетті медициналық сақтандырусыз жүзеге асады
Б.Біртанов: Медициналық көмектің әлеуметтік маңызды тегін қызметі міндетті медициналық сақтандырусыз жүзеге асады
«Бүгінде қордың ұйымдастырушылық құрылымын дайындап жатырмыз. Қордың құрылтайшысы мемлекет болады. Бұл ұйым Үкіметтің қарауына болады, қордың басқару органы ретінде директорлар кеңесі жұмыс істейді. Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғам өкілдері тартылады. Қордағы қаржының тиімділігі мен оның жұмсалуының заңдылығы бақыланады. Медициналық көмектің әлеуметтік маңызды тегін қызметі міндетті медициналық сақтандырусыз жүзеге асады», - деді Е.Біртанов.
Вице-министрдің айтуынша, 2016 жылдан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру жұмысын бастап кетті. Осы жүйені енгізу үшін халықарлық жұмыс тобы құрылған.
«Осы жүйені енгізу үшін қазіргі күні денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі негізінде халықаралық жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобына біздің мамандар және экономика, қаржы саласының мамандары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар кірді», - деп толықтырды ол.
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакетіне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.
Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ел азаматтарына және ел аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Ал жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылары үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін жарна аударатын болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер