• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмысын бастады

Астанада «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмысын бастады

4 Ақпан, 2016 13:48
Астанада «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмысын бастады. Партияның алдында Қазақстанның облыстары мен аудандарында республикалық қоғамдық штабтарды құру жұмыстары тұр. Ол өз кезегінде сенімді тұлғалар мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіреді. Бұл жөнінде «Ауыл» ХДПП республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Рүстем Жоламан штабтың жұмыс кеңесі барысында айтып өтті.

«Ауыл» партиясының өкілдері жаңадан құрылған штабтың алдына сайлауалды науқанға дайындалу тапсырмаларын қойды. Бірінші кезекте олар тек жұмыс жоспарын құрып қана қоймай, аймақтарда және аудандарда штаб құрады»,- деді ол.

Штаб жетекшісінің айтуы бойынша, партия алдында аз уақыт ішінде бірталай жұмыстар қатарын орындау тапсырмасы тұр.

«Әрине, біздің алдымызда қысқа уақыт мерзімінде бірталай тапсырмалар орындау міндеті тұр. Өйткені 20 ақпан көзді ашып-жұмғанша келіп қалады. Кестеге сәйкес барлық аймақтарда жұмысты бастап, барлық үгіт-насихат материалдарын дайындау міндеті тұр»,-деді Р. Жоламан.

Барлық жаңалықтар