- Басты
- Жаңалықтар
- Әскерге шақыруға жауаптыларды полиграфта тексеретін болады – Қорғаныс министрлігі
Әскерге шақыруға жауаптыларды полиграфта тексеретін болады – Қорғаныс министрлігі
Ол үшін арнайы кесте құрылады. Қазақстанның бірде-бір өңірі назардан тыс қалмайды. Бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттің жүзеге аспауын алдын алады, сондай-ақ осы тұрғыда жасалған қылмысты әшкерелеуге септігін тигізеді. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру үшін аудандарда жергілікті атқару органдарының шешімімен «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес шақыру комиссиясы құрылады.
Бүгінгі таңда шақыруды тиісті өңірдің әкімі орынбасарының басшылық етуімен тек қана шақыру комиссиясы жүзеге асырады. Комиссия құрамы тиісті өңірдің әкімімен тағайындалады. Оның құрамына денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді. Әскери қызметшілер бір лауазымдық адам ретінде ұсынылған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аудандық шақыру комиссиясы шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды.
Атап айтқанда, әскери қызметке шақырылуға жатады, әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылады, әскери қызметке шақырылудан босатылсын, әскери міндетті орындаудан босатылсын. Жергілікті әскери басқару органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, басқармалар және департаменттер атынан ҚР Қарулы Күштерінің ажырамас бөлігі болып табылады және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұру, мемлекеттің қазақстандық армиясы мен өзге де әлеуетті құрылымдарды жеке құраммен жасақтау тапсырмаларын шешеді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит