- Басты
- Жаңалықтар
- Электрондық үкімет порталында пайдаланушының Жеке кабинеті жаңартылды
Электрондық үкімет порталында пайдаланушының Жеке кабинеті жаңартылды
Осылайша, пайдаланушыға әр түрлі мемлекеттік деректер қорларынан дербес ақпарат қолжетімді болады, мысалы: әкімшілік айыппұлдар, тұрғын-үйге кезек, некеге тұру, баланы туу туралы және басқа да ақпарат график түрінде беріледі.
Ыңғайлылық үшін Жеке кабинеттен мемлекеттік органдар басшыларының блог-платформасына, «Азаматтардың өтініші», «ХҚКО кезекті брондау» және қызметтерді алу тарихына өту жүзеге асырылған.
«Дербес мәліметтерді қорғау мақсатында барлық пайдаланушылар үшін
авторлану әдісіне байланысты қолжетімділікті бөлу енгізіледі. Дербес деректерге толық тек электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен авторлану кезінде қол жеткізуге болады, ал логин пен құпия сөз бойынша тек жартылай ғана», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов түсінік береді.
eGov-та заңды тұлғалар үшін де жеке кабинет пайда болды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен компания туралы мәліметті қарауға мүмкіндік береді. Бұл ретте компания басшысы басқа қызметкерлерге қол жеткізу құқығын ажырата алады.
«Біз сонымен қатар қорғалған электрондық сақтау орнын қарастырдық, мұнда кейбір құжаттардың көшірмелерін жүктеуге болады. Болашақта еGov порталында қызметтерді алу кезінде олар әрқашан қоластыңызда болады» - деп атап өтті Бекбауов.
Бұдан басқа, Жеке кабинетте мобильдік телефонды жоғалту жағдайында SIM-картадағы ЭЦҚ-ны өз бетінше бұғаттау және тапқан кезде бұғаттан шығару мүмкіндігі пайда болды.
Сонымен қатар пайланушының жеке кабинетіне әр түрлі хабарламалар келетін болады. Мысалы, сот үдерісіне қатысуы немесе мемлекеттік қызмет үшін ақының бюджетке түсуі туралы. Азамат «Ашық үкімет» порталының жаңартылуы туралы да хабардар болады. Сондай-ақ, жеке кабинет адам өмірінің негізгі оқиғаларын (баланың тууы, неке, зейнетақыға шығу және т.б) қадағалайды да, әрбір өмірлік жағдайға байланысты мүмкін болатын қызықты және керекті мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды