- Басты
- Жаңалықтар
- 2021 жылы міндетті медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны 1 трлн 150 млрд теңгеге жеткізу көзделген
2021 жылы міндетті медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны 1 трлн 150 млрд теңгеге жеткізу көзделген
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халықтың мүддесі үшін енгізіп жатырмыз. Егер бүгінде, айталық, кезекте тұрмау үшін немесе сапасына күмәні болғандықтан тегін медициналық қызметтен бас тартқан азамат жеке меншік клиникаға барып, 100 пайыз қызмет құнын өзі төлейді. Ал медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жеке меншік ауруханаға келген адам қалтасынан ақша шығармайды, қызмет құнын міндетті сақтандыру қоры өтейді. Ең бастысы, қордың медициналық мекемелермен келісімі болуы керек. Бұл халыққа тиімді», - дейді Е.Біртанов.
Вице-министрдің айтуынша, медициналық қызмет ұсынушылар үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді тұстары бар.
«Нақты және ашық жүйе болады. Жақсы жұмыс істеп, сапалы қызмет ұсынсаң емделушілер болады, тиісінше ақша да болады. Бұл жүйе бүгінгідей жұмыс істейді десек те болады. Жүйенің негізінде алғақшы медициналық қызмет жатыр», - деді вице-министр.
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Сақтандыру пакетіне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.
Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ел азаматтарына және ел аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейді. Ал жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылары үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін жарна аударады.
Ерекше санаттағы азаматтар, яғни, халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Оның көлемі біртіндеп өседі, сөйтіп, мемлекеттің жарнасы 2017 жылы 4 пайыз, 2018 жылы 5 пайыз, 2023 жылы 6 пайыз, 2024 жылдан бастап 7 пайыз көлемінде болады.
Ал жұмыс берушілердің жарнасы кірістің 5 пайызын құрамақ. Аударым 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 4 пайыз, 2020 жылы 5 пайыздан басталады. Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2 пайызын құрамақ. Бұл орайда, олар 2019 жылдан 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз мөлшерінде аудара бастайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7 пайызын құрамақ. Ол 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 5 пайыз, 2020 жылдан бастап 7 пайыз мөлшерінде болады.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер