- Басты
- Жаңалықтар
- «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2016 жылы 18 зымыран ұшыру жоспарланған
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2016 жылы 18 зымыран ұшыру жоспарланған
Депутаттар ҚР ІІМ өкілдерінен ресей тарапынан «Байқоңыр» айлағындағы апатқа байланысты өтемақы төлеу талаптарын сақталып жатқандығын сұрады.
Сенатор Мұхтар Алтынбайев атап өткендей, «Байқоңыр» айлағы аясында «Қазғарыш» бағдарламасы бойынша қыруар қаражат бөлініп жатқанын айтып, алайда болашақ мәртебеге қатысты нақты жауаптар болмай отыр.
«Қазір уақыт бар, біз бағытымызды айқындауымыз керек. Біз мамандарымыздан «Байқоңырдың» болашағы қалай деген сауалға нақты жауап күтеміз. Бұл жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес, жобаның өзі қымбат. Қажет болса бұнда халықаралық деңгейдегі Қазақстанның ұстанымын да анықтау керек», - деді М. Алтынбаев.
«Қазіргі таңда шығынды өтеу әдістері қарастырылған. 2007 жылы қабылданған қаулыға сәйкес, экономикалық және экологиялық шығын қарастырылады. Шығынды өтеуде кезеңімен атқарылатын тарап, тауар мен қызметті ұсыну арқылы өтейді», - деді М.Демеуов.
Өз кезегінде, сенатор Манап Көбенов зымыранды ұшырған кезде алғашқы үш саты Қазақстан шекарасына құлайтынын айтты.
«Бұл экологиялық тұрғыдан қарастырғанда қаншалықты қауіпсіз?» , - деп сұрақ қойды сенатор.
М.Демеуов атап өткендей, «Байқоңыр» жұмыс істегелі бері үш зымыран құлады – 2006,2007 және 2013 жылы.
«Бұл оқиғалар бойынша келісімге орай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Барлық факт бойынша оқиғаның қайталанбау шаралары жүргізілді. Сол бойынша зымыран тасығыштардың құлауына байланысты себептерді зерттеу хаттамасы түзілді», - деді ол.
Осыған дейін айтылғандай, Қазақстан гептилді «Протоннан» 9 жылдан соң бас тартады, яғни 2025 жылы.
Индира Кауметова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Үкімет: 2020 жылы әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған шаралар