• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Біртанов: 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың медициналық қызметін төлейді

Е.Біртанов: 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың медициналық қызметін төлейді

4 Ақпан, 2016 12:28
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келесі жылы жұмысын бастайтынына қарамастан, 2017 жылдың 1 маусым айында қазақстандықтардың медициналық қызметін төлейтін болады. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов ОҚК-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

«Міндетті медициналық сақтандыру қоры осы жылы құрылып, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады және қорға жарналар түсіп отырады. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап қор медициналық қызмет төлеушінің рөліне кіріп, медициналық қызметтерді төлейтін болады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстанда әр ай сайынғы жарнамалар мен медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘМ медициналық қызметті төлеу Комитеті базасында ұйымдық- құқықтық нысанындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасалатын болады. Қордың ұйымдастырушысы мен жалғыз акционері ҚР Үкіметі болады.

Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жарналарынан 15 санаттар босатылады: балалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысқандар мен мүгедектер, мүгедектер, жұмыссыз отырғандар және т.б

 

Барлық жаңалықтар