• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алғаш рет ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері үшін далалық жағдайларда жұмыс жасау үшін ақпараттық кешен әзірледі (ФОТО)

Алғаш рет ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері үшін далалық жағдайларда жұмыс жасау үшін ақпараттық кешен әзірледі (ФОТО)

4 Ақпан, 2016 19:31
Алғаш рет Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жылжымалы ақпараттық кешендерді әзірлеп, жеткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны болып табылатын «ҚазИнж Электроникс» АҚ-тың отандық кәсіпорны өндірген аталмыш техника далалық жағдайларда тәрбие және идеологиялық жұмысты қамтамасыз ету, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін бір қалыпта ұстап тұру үшін арналған. 

Мамандар техникалық тәрбие құралдарының рөлін ерекше атап өтуде. Далалық жағдайларда, жауынгерлік жағдайда жылжымалы ақпараттық кешен саяси ақпаратты жедел алу және тарату, фото және қабырға газеттерін, үгіт-насихат материалдарын басып шығару, Қарулы Күштерінің жеке құрамын кино және радио қызмет көрсетуді ұйымдастыруда бірден-бір және таптырмайтын құрал болып табылады. Жылжымалы ақпараттық кешен құрамында КАМАЗ автомашинасы, екі арнайы фургон кузовы, оның біреуі тіркеме базасында, сахнаға өзгертіледі.

 Одан басқа, мұнда ауданы 10 м және 25 м жылдам өрістетілетін мобильді көрермендер залы және әртүрлі техникалық тәрбиелеу құралдары бар. Техникалық құралдар – дыбыс тарату станциясы, музыкалық аппаратура, шағын басқару тетігі, ойнатқыш ашық алаңда концерттік топтың өнер көрсетуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сахнаға арналған жарық беретін техникалық аппаратура, бейнестудия – тележурналистің жиынтығы, фото және қабырға газеттерін басып шығаруға арналған полиграфиялық жабдық, желілік емес монтаждың станциясы, спутниктік телевидение жүйелері және шығарылмалы экраны бар мультимедиялық проектор да бар.  

 Әскери қызметшілер олардың көмегімен еліміздегі және шетелдегі маңызды саяси оқиғаларды уақтылы біліп отырады, еліміздің барлық қоғамдық, мәдени, спорттық өмірі жайлы жаңалықтардан хабардар болады. Арнайы таңдалып алынған кинофильмдерді, жазбаларды тамашалау және тыңдау оларға оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында үлкен психологиялық ауыртпалықты азайтуға көмек береді. Одан басқа, бұл бірқатар жағдайларда бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дағдысын арттыруға тікелей ықпал етеді. Мәселен, оқу-жаттығудың күрделі жағдайларында, ұшулар мен теңіз жорықтарында жауынгерлік мамандықтардың хас шеберлерінің тәжірибесі туралы жергілікті радиохабар тарату бойынша фильмдер мен бейнежазбаларды көрсету немесе әңгімелеу сарбаздар үшін жауынгерлік оқуда жақсы үлгі болмақ.

Барлық жаңалықтар