Лисаковскіде жоғары тиімділік деңгейіндегі картон өндірісі іске қосылды

13 Қараша, 2013 09:34
Қостанай облысында Лисаковск картон-қағазды кешенінің базасында жоғарғы тиімділік деңгейіндегі (50 пайыздан кем емес) картон өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Инвестициялық жобаның шеңберінде 2012 жылы жұмыртқа қораптарын шығару өндірістің қуаттылығы 72 % құрады. Өнімді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының түрлі кәсіпорындар сатып алады», - делінген хабарламада.

Осы өндірістің іске қосылу жөнінде көмек көрсету үшін ӘКК «Тобыл» 212 млн теңге қаржы бөлген.

Жалпы Қостанай облысы бойынша 62 инвестициялық жобалар іске қосылды Оның ішінде 2013 жылғы дейін тартылған 58 инвестициялық жобаның құны 62 млрд тенгені құрайды. Ал 58 жобаның ішінде 35 нысан жоспарланған қуаттының денгейіне, 10 - 90% 4 - 60% қөлемінде болса, 2 нысан бойынша, яғни «Қараман и К» биогаз қщндырғысы және Қарабалық құс фабрикасы мәселе туындаған. Бірінші инвестжобаның сұрақтары қуатөндіруші компания мәртебесі беру амалымен шешілмек Ал енді Комсомол құс фабрикасының басқа меншікке сату немесе акционерлік басқаруға беру тәсілдері қарастырылады.

Қостанай облысың әкімі Нұралы Садуакасов жобаларыңың қымбаттауы әсерінен тартылған инвестициялардың мөлшерінің ұлғаюының, жасалған жұмыс орындарының санын қөбеюіне назар аударды.

Осының шеңберінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму облыстық басқармасының басшысы М.А. Сөкітбаевға іске қосылған инвестициялық жобаларының экономикалық тиімділігін қайта сараптау жөнінде тапсырма берді.

 

Барлық жаңалықтар