- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК депутаттыққа кандидаттарды белсенді ұсынып жатқан 4 облысты атады
ҚР ОСК депутаттыққа кандидаттарды белсенді ұсынып жатқан 4 облысты атады
«Қазiргi кезде ҚР ОСК-ға 4 партиялық тiзiм ұсынылды. 30 қаңтар күнi «Нұр Отан» партиясының 127 адамды қамтитын партиялық тiзiмi, 2 ақпан күнi «Ауыл» Халықтық- демократиялық патриоттық партиясының 19 адамнан тұратын партиялық тiзiмi, Қазақстан Коммунистiк Халық партиясының 22 адамды қамтитын партиялық тiзiмi мен 3 ақпан күнi Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының 35 адамнан тұратын партиялық тiзiмi ұсынылды», - деп мәлiмдедi Л.Сүлеймен.
Орталық сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәлiмдеуiнше, 3 ақпан күнi «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған кандидаттар тiркелдi.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Елбасына Үндеу жолдап, Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді сұраған болатын. Мәжілісмендердің бұл бастамасы Қазақстан азаматтары арасында кеңінен қолдау тапты.
20 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев V шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Сайлау науқаны аясында барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша болса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Жергілікті билік органдарына барлық деңгейдегі 3335 мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленсе, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызда өткізіледі. Ал мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар