Ақмола облысында алғаш рет шорт-трек бойынша жарыс өткізілді(ФОТО)

4 Ақпан, 2016 20:26
Ақмола облысында «Жастар» бағдарламалық спартакиадасында алғаш рет облыстық шорт-трек жарыстары өткізілді, деп Ішкі саясат басқарамасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Жарысқа аудандардан келген он команда қатысты. Команданың құрамына 1999 жылғы мен одан кіші жылғы 2 бозбала мен 2 қыз бала кірді. Екі күн ішінде бозбалалар мен қыздар 300,500,1000 метрлік жүгіру жарысына қатысты. Қорытынды күні аралас эстафета өткізілді.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу әдістемелік орталығының жеткешісі Виктор Яковенконың айтуынша, жасөспірімдердің қатысуымен өткізілетін осындай шаралар облысымызда жаппай шорт-тректі дамыту мен қолдауға септігін тигізеді.

«Біз әрбір баланың мектепте дене шынықтыру сабағында кез келген уақытта конькиін алпы, белсенді осы спорт түрімен айналысқанын қалаймыз. Оның негізгі артықшылығы- қолжетімді болуында»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар