- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әкімі жас футболшыларды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі жас футболшыларды қабылдады
Елбасы тапсырмасына орай өңірде бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріліп отыр.
Соның қатырында «Тараз» футбол клубының құрамын жергілікті футболшылармен толықтыру жұмысы жалғасуда. Бұл мақсатта бүгінгі күні 3 жеткіншек шет мемлекетінде оқуларын жалғастырса, тағы 2 жасөспірім Бразилияға теңбіл доп тебудің қыр-сырын үйренуге оқуға жолдама алып отыр.
«Тараз» футбол клубы Қазақстан Премьер лигасында жыл сайын 7-9 орындар арасынан көрініп келеді. Бұдан да зор жетістікке жету үшін осы салада жергілікті спортшыларды дайындау мақсатымен, өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қолдауымен облыстық мамандандырылған «Дарын» спорт мектебінде футбол класы ашылған. Аталған мектепте 400 баланың арасынан іріктелініп, 18-і таңдалынып алынған болатын. Олардың арасынан да ең мықтыларына таңдау жасалынып, шет елге оқуға жіберілуде.
«Сендер 2-3 жылда оқуларыңды аяқтап, дайындалып келетін болсаңдар, біздің «Тараз» футбол клубының дәрежесі де, сапасы да көтеріледі. Шетелден легионерлерді әкеліп, оған қыруар қаржы төлегенше, олардың орнына өздерің, қазақтың қаракөз балалары ойнасын. Сондықтан біз өздеріңе үміт артамыз»,-деген аймақ басшысы оларға табыс пен сәттілік тіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері