• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағындағы апатқа қатысты келісімге енген өзгерістер хаттамасын ратификациялады

Сенат ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағындағы апатқа қатысты келісімге енген өзгерістер хаттамасын ратификациялады

4 Ақпан, 2016 11:07
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «1999 жылғы 18 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Құжат негізінен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда құрылатын комиссиялар, бірлескен штабтар мен уәкілетті органдардың құзыреттерін нақтылайтын болады. Тұтастай алғанда, заңнаманы қабылдау қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Келісім Қазақстанның ұлттық заңнамасына қайшы келмейді», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуов.

Аграрлық мәселе бойынша комитеттің қорытындысына келісімге енген өзгерістер хаттамасы ғарыш айлағын тараптар тиімді әрі қауіпсіз қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Хаттама келіскен тараптардың дайындығы мен қажетті күш тартудағы шараларды ұйымдастыру және «Байқоңыр» ғарыш айлағында апат туындаған жағдайда өзара байланысты қарым-қатынасын қамтиды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар