• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Чехия арасындағы заңсыз көші-қонды реттейтін келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Чехия арасындағы заңсыз көші-қонды реттейтін келісімді ратификациялады

4 Ақпан, 2016 11:03
ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар заңсыз келген тұлғаларды реадмиссиялау туралы Қазақстан мен Чехия арасындағы келісімді ратификациялады.

 «Аталмыш құжат елдің шеекарасына заңсыз шыққан немесе визасы не болмаса рұқсат қағазы мерзімінен шыққан соң қалып қойған тұлғаларды анықтап, қайтаруға бағытталған. Келісім Еуропалық одақта босқындармен байланысты мәселеге орай өте өзекті болып отыр. Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонның алдын алуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуов.

М.Демеуов атап өткендей, келісім келіскен тараптардың құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін анықтайды, үшінші тарап елінің азаматтығы болмай, заңсыз шыққандығына орай тұлғаларды реадмиссиялауды жүзеге асырады.

Айта кетейік, келісімге 2011 жылдың 23 ақпанында Прагада қол қойылды. Екі елдің атынан Қазақстан сырқы істер министрлігінің жауапты хатшысы мен Чехияның ішкі істер министрі қол қойды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар