• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Шимомура: Қазақстан халықаралық тәжірибенің үлгісін мемлекеттік қызметті нығайтуда қолданады

Н.Шимомура: Қазақстан халықаралық тәжірибенің үлгісін мемлекеттік қызметті нығайтуда қолданады

4 Ақпан, 2016 10:58
Қазақстан халықаралық тәжірибені үлгіге ала отырып, олардың ең жақсы деген дәстүрін мемлекеттік қызметті нығайтуда қолданады, деп БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының өкілі Норимас Шимомура Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге тырысуда. 5 институционалды реформа аясында реформаның бірі мемлекеттік қызметті кәсібилендіруді білдіреді. БҰҰДБ реформаны іске асыруға барлық жағдайды жасайды. Бұл жоспарда мемлекеттік қызметтің кәсібилігі БҰҰДБ мен Қазақстан Үкіметімен бірге құрылған хабын қолдайды.   Қазақстан озық халықаралық тәжірибені үлгіге алып, маңызды дәстүрді мемлекеттік қызметті нығайтуға қолданады. Ол өз кезегінде мансаптың өсуі мен этикалық ереженің өсуін көрсетеді»,-деді Н. Шимомура.

Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 5 институционалды реформасының бірінші реформасында кәсіби мемелекеттік аппаратты қалыптастыру жұмысы іске асырылды. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтің модернизациясын, міндетті сынақ мерзімі мен еңбек нәтижелерін тұспалдайды.

Анар Тәңірқұлова

Фото inform.kz сайтынан

 

Барлық жаңалықтар