• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мембасқару академиясында ҚР-дағы Словакияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесу өтті

Мембасқару академиясында ҚР-дағы Словакияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесу өтті

13 Қараша, 2013 09:25
Кеше, 12 қарашада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Қазақстандағы Словакияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті, деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметі.

«ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасілов Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзамен кездесті», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әкіптестіктің қазіргі жағдайы мен болашағы, соның ішінде білім және ғылым, мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау саласы талқыланды.

Сонымен қатар, Петер Юза өз кезегінде ректорға шет ел елшілері қатысатын «Елшілік сағатқа» қатысуды ұсынды.

 

Барлық жаңалықтар