• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының жергілікті полиция қызметкерлері бір ай ішінде 18 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Маңғыстау облысының жергілікті полиция қызметкерлері бір ай ішінде 18 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

4 Ақпан, 2016 14:47
Маңғыстау облысының жергілікті полиция қызметкерлері жұмыстың бірінші айында 18 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады , деп облыс бойынша жергілікті полиция бастығы Амангелді Халмурадов хабарлады.

Өздерініз білетіндей, 2016 жылдың 1 қаңтар айынан бастап ішкі істер органының жергілікті полиция қызметкерлері жұмыстарына кірісті. Жаңа ведомствоның құрамына 1018 адам кірді-ол полицияның учаскілік инспекторлары мен көмекшілері, кәмелет жасқа толмаған істер бойынша испекторлар, сондай-ақ табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің қызметкерлері, қызметкерлері қабылдау-тарату және арнайы қабылдау бөлімшелері, зорлық-зомбылықтан әйелдердің құқығын қорғау бөлімшесі.

«1 қаңтар мен 1 ақпан аралығында жергілікті полиция қызметкерлерімен 17 702 құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 13 613 жол жүзу қауіпсіздігі бойынша. Нөлдік төзімділік дәстүрі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 4089 адам тартылды. «Автобус» ЖПШ аясында 2886 құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 271 жүргізуші әкімшілік жауапқа алынды»,-деді А. Халмурадов.

Жергілікті полиция қызметінде өзгерген ең басты іс- олардың халық пен әкімшілікке есеп беруі. Ендігі күні заңға жергілікті полиция қызметінің жетекшісі тұрғындармен жылына бір рет кездесу және екі рет әкімдік пен мәслихат алдында кездесіп, есеп беруі тіркелді.

«Біз тұрғындардың айтып жатқан ұсыныстарын есепке алып,  тығыз түрде жұмыс істеуге бағыт алдық. Алдағы уақытта учаскілік инспекторлар әрбір үйге танысу үшін кіріп шығады. Олардың байланыс телефондары таратылады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2015 жылдың 2 қараша айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметкерлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Қабылданған заңның мақсаты Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 30-шы қадамындағы 5 институциоанлды реформаны жүзеге асыру болып келеді. 

Барлық жаңалықтар