• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлер Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша студенттермен кездесті

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлер Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша студенттермен кездесті

4 Ақпан, 2016 20:43
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет әлеуметтік өсудің негізгі тетігі» тақырыбына жас мемлекеттік қызметкерлермен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінің және Тараз мемлекеттік педагогикалық институты студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталмыш кездесуге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Болатбек Уалихан,  ҚР мемлекетттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты Бегалиев Берік, «Понарама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мөрбеков Бауыржан және қала жастары қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің жаңа моделі түсіндіріліп, Ұлт жоспары 100 нақты қадамда көрсетілген мемлекеттік қызмет арқылы сатылап өсудің негіздері түсіндірілді. Берік Дүйсенбайұлы мемлекеттік жастар саясаты мен Елбасының биылғы жылғы «Қазақстан жаңа жахандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы түсіндіріп, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – кәсіби мемлекет кепілі екендігін, «Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталуы тиіс» деген қағиданың өміршеңдігін, үштілді білім беру- бүгінгі заман талабы, бәсекеге қабілетті елдер қатарына апаратын басты баспалдақтардың бірі екендігі жөнінде  айтып өтті.  

Барлық жаңалықтар