ОҚО-да сайлаушылар саны 1 млн адамнан асты

4 Ақпан, 2016 10:12
ҚР ОҚО-да сайлаушылардың саны 1 млн адамды құрады. Халық тұрғындарының көбейуіне орай, биыл 46 жаңа сайлау учаскісі ашылды. Сайланушылардың саны 100 мыңға ұлғайды және 1 317 225 сайланушы болды. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Умаралиев ИА Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Оңтүстік Қазақстан облысында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда болатын сайлауға дайындық ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары бойынша атқарылуда. Облыстық, аудандық және қалалық баспа беттерінде сайлау комиссиясының аймақтары, олардың құрамы мен аумақтары туралы жазылған ақпараттар басылды»,-деді Ә.Умаралиев.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сол жердерде мәслихаттыққа ұсыныс берген кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілуде.  

«Қазіргі күні кандидаттар өзін-өзі ұсыну бойынша тіркелуде, ал саяси партия өкілдері әлі болған жоқ. Бұл партияның кезектен тыс съезін жаңа ғана аяқтап жатқандықтан болуы керек. Осы жұмада олар кандидаттарын ұсынатын болады»,-деп Ә.Умаралиев түсіндіріп өтті.

ОҚО-да биыл 1074 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

«Халық тұрғындарының көбейуіне орай, биыл 46 жаңа сайлау учаскісі ашылды. Сайланушылардың саны 100 мыңға ұлғайды. Өткен жылы облыс бойынша 1 млн 200 мың сайланушы болса, биыл облыста  1 317 225 адамға жетті»,-деді Ә.Умаралиев.

Облыстық комиссиясы төрағасының айтуы бойынша, ОҚО-да семинарлар бастама алды- аудан мен қала комиссияларының хатшылары, саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестік, БАҚ және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен өткен семинар жұмыстары.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар