- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштері әскери ынтымақтастығының жобасы әзірленді
Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштері әскери ынтымақтастығының жобасы әзірленді
Үйлестіруші офицерлердің жұмыс тобының үш күндік отырысы барысында 2016-2017 жылдарға арналған ҚР мен АҚШ ҚК әскери ынтымақтастығы жоспарының жобасы әзірленді. Жақын арадағы екі жылда әскери салада қазақстандық-американдық өзара қарым-қатынастың дамуының негізгі бағыттары бойынша бітімгершілік қызмет,
Қарулы Күштерді кәсібилендіруде көмек көрсету, сондай-ақ әскери білім беру болмақ. Осылайша, Қазақстанның оқу орындарында оқыту әдістемелерін жетілдіру, сержанттар корпусын дамытуға жәрдем беру жоспарлануда. Сонымен бірге, тілдік оқыту бойынша жұмыс өз жалғасын табады. Болашақ жоспарда Қазақстан мен АҚШ әскери оқу орындарының курсанттарымен алмасу да бар.
Осы жылы екі елдің әскери байланысы шеңберінде алғашқы бірлескен іс-шара өткенін айта кеткен жөн. Тұңғыш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында кадеттерді оқыту әдіснамасын жетілдіру мәселелері жөнінде семинар өтті. АҚШ ҚК Құрлық әскерлерінің сержант-майорлары академиясының нұсқаушы сержанттары оқытушылар және сержанттар құрамымен сабақтар өткізді. Кадет корпусының 25-ке жуық оқытушысы мен сержанты семинарда сабақтарға дайындалу, топта жұмыс жасау, жоспар-конспектілерді әзірлеу, өзіндік жұмысты ұйымдастыру және үйренушілерді бағалау әдістемесін пысықтады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция