Х.Ерен: Қазақстанда демократияландырудың жаңа кезеңі басталды

4 Ақпан, 2016 09:13
ҚР Парламентінің жаңаруы Н.Назарбаевтың стартегиялық бағытын елімізде ойдағыдай жүзеге асырады. Бұл жөнінде атақты саясаттанушы, Еуразиялық экономикалық одақ қауымдастығының төрағасы Хикмерт Ерен (Түркия) Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтып өтті.

«Мен қазақ тілін білгендіктен  Қазақстанда тағылымдаманы  өттім. Туған  жерімді  қатты сағынамын. Айта кететін жайт, Қазақстан жаңа  жаһандық экономикалық кезеңде тиімді тактиканы қолданды. Оның бірі 20 наурызда өткізілетін ҚР Парламент Мәжілісінің және аймақтық депутаттардың  мерзімінен бұрын өтетін сайлауы. Депутаттық корпустың жаңа  өкілдері келеді. Олардың ішінде жастар саны көп болады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда демокаратияландырудың жаңа кезені басталды. ҚР Парламентінің жаңаруы Н.Назарбаевтың стартегиялық бағытын елімізде ойдағыдай жүзеге асырады. Оның саясаты алдағы уақытта Қазақстанды жаһандық экономикалық дағдарыстан да алып шығатын болады. Сіздің елдеріңіз гүлдену жолында»,-деді Х. Ерен.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 20 қаңтар айында ҚР Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын болатын сайлау туралы бастамасын қолдап, жарлыққа қол қойды.

Данияр Қасымов 

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар