Ұлттық электронды поштаның 10 000-шы пайдаланушысы Өскеменде тіркелді

4 Ақпан, 2016 10:27
www.post.kz ұлттық электронды поштасында 10 000-шы пайдаланушы Өскемен қаласында тіркелуден өткенін хабарлады, деп хабарлады “Қазпочта” АҚ.

28 қаңтар, сағат 08:36-де 10 000-шы тіркелуді Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, Ладная Наталья Александровна іске асырды.

«Еліміздегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен, Қазақстан азаматтары кейбір қызметтермен үйден шықпай қолдана алады. Бүгінгі таңда, ұлттық электронды пошта 10,5 мың пайдаланушыны есептейді. Бұл онлайн қызметтердің көрсетілу спектірін кеңейтіп, қолданудың ыңғайын келтіреді. Күн сайын, www.post.kz жүйесінде 150-ден астам адам тіркелуде, сондықтан, біз әрбір 10 000-шы тіркелушіге сыйлық жіберетін боласыз» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

www.post.kz - жұртшылыққа қолжетімді ұлттық домені бар Қазақстандағы жалғыз провайдер. Post.kz-те тіркелген әр пайдаланушы аяқтамасы *****@post.kz электронды адресі бар, толыққанды электронды поштаға ие болады. Сонымен қатар, www.post.kz «Қазпочта» АҚ көрсететін онлайн қызметтерімен қолдануға мүмкіндік береді.



 

Барлық жаңалықтар