- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Ақжол» партиясының депутаттыққа үміткерлер тізімі ұсынылды (ФОТО)
ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Ақжол» партиясының депутаттыққа үміткерлер тізімі ұсынылды (ФОТО)
Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес «Ақжол» партиясының кезектен тыс XIII-і съезі өтіп, оның барысында делегаттар бірауыздан партияның Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысуы туралы шешімі қолдау тауып, Орталық сайлау комиссиясына бектілген тізімі ұсынылды.
Үміткерлер тізіміне қатысты анықтама бере кеткен партия төрағасы А.Перуашев «Бұл тізімге 35 адам еніп отыр, оның ішінде 24-і бизнес өкілдері мен кәсіпорындар және банк құрылымдары басшылары, ал 6 адам ұлттық және техникалық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ тағы бесеуі партиялық органдардың жетекшілері», - деді ол.
А.Перуашевтың сөзіне қарағанда, кандидаттардың орташа жасы - 46.
Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді тіркеу үшін барлық міндетті құжаттар ұсынылды.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес, «Ақжол» ҚДП алдыңғы сайлаудағыдай жалпы есепте сайлауға қатысушылардың 7 пайыздан артық дауысын жинаса сайлау жарнасын енгізуден босатылатын болады.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды»