- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: ОСК-да «Нұр Отанның» партиялық тізімінің тіркелуі сайлау қорын ашуға мүмкіндік береді (ФОТО)
А.Мырзахметов: ОСК-да «Нұр Отанның» партиялық тізімінің тіркелуі сайлау қорын ашуға мүмкіндік береді (ФОТО)
«Біз ұсынған 127 кандидаттың бәрі де депутат болады деген сөз емес. Мүмкіндігінше, Мәжілістегі 98 депутаттық мандаттың басым бөлігіне ие болу үшін, әрине, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», - дейді А.Мырхзахметов.
Айта кетейік, 30 қаңтар күні Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде ұйым жетекшілері партия атынан үміткерлердің тізімін ұсынған болатын. Асқар Исабекұлы Орталық сайлау комиссиясының ресми тіркеу шарасында партия тарапынан ұсынылған тізімге ешбір өзгеріс енгізілмегендігін атап өтті.
Осыған дейін мәлім болғандай, 127 кандидаттың ішінде жеті ұлттың өкілі бар.23 % -дан астамы – әйел адамдар.«Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы – 26 жаста.
Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімдердін тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады, ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.
Ботагөз Айтжанова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері