• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Шипунов: Қазақстан халқы Ассамблеясы Біртұтас ұлт болашағының қалыптасуында үлкен рөл атқарады

Е.Шипунов: Қазақстан халқы Ассамблеясы Біртұтас ұлт болашағының қалыптасуында үлкен рөл атқарады

3 Ақпан, 2016 15:49
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарады. Бұл жөнінде Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылдық округінің украиндық мәдени орталығының жетекшісі екатерина Шипунова Strategy2050.kz АА берген сұхбтында айтып өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым еліміздің табысты болуына бірлік пен көп ұлтты халықтың тұрақтылығы септігін тигізді деп айтып отырады. Осы жолы «Нұр Отан» партиясының съезінде сөз сөйлеген кезде қатысушыларға осы жағдайды назарға алдырды.  Сонымен қатар, Президент бес институционалды реформасына ұлтаралық келісімді анықтады. Алайда өз сөзінде «барлық бес реформа қоғамымыздың ұқсастығы, бірлігі мен тұрақтылығына жұмыс атқарады» деп айтып өтті»,-деді Е.Шипунова.

Оның айтуы бойынша, Біртұтас ұлт болашағының қалыптасуына Қазақ халқы Ассамблеясының рөлі маңызды.

«Уақыт көрсеткендей, оның жұмысы нақты нәтиже беруде-біз тыныш елде өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің болашақта дамуына аталмыш институт пен оның жаңа механизмдері барлық жағдайды жасайды. ҚР Парламент Мәжіліс сайлауында да осындай жағдайлар жасалады деген сенімдемін»,-деді ол.

Айта кетейік, съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар