- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ: Қазақстан 2020 жылы Еурокодтар жүйесіне көшуді жоспарлауда
ҰЭМ: Қазақстан 2020 жылы Еурокодтар жүйесіне көшуді жоспарлауда
Жаңа құрылыс нормаларына өту бойынша жұмыс Құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде, ол:
«Қазақстаннның табиғи-климаттық және геологиялық жағдайларын ескеретін ұлттық қосымшалары бар, Еурокодқа ұқсас 58 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары (ҚР ҚН 1990-1999) әзірленді. Аталған құрылыс нормалары Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 441 бұйрығымен 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.Қолданыстағы нормативтік базаның жаңа техникалық реттеу жүйесіне кезең-кезеңмен өтеді, кадрларды даярлау және практикада жаңа құрылыс нормалары сынақтан өткізіледі», - деді ол.
Жаңа нормативтік базаны қолдануды бағалау, оның қорытындылары бойынша Еурокодтарға толық өту туралы шешім қабылданатын болады.
«Дүние жүзілік стандарттарды отандық тәжірибеге енгізу заманауи жобалық шешімдерді тиімді қолдануға, жаңа материалдар мен технологияларды пайдалануға, сондай-ақ салынып жатқан объектілердің сапасын жалпы көтеруге мүмкіндік береді» - деп атап өтті ол.
«Еурокодтарды құрылысқа енгізу және еуропалық нормативтік жүйемен үйлестіру:құрылыс саласының еуропалық және әлемдік техникалық реттеу жүйесіне ықпалдасуға;құрылыс саласына шетелдік инвестицияларды тарту үшін техникалық кедергілерді жоюға;құрылыс қызметі нарығында қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттігін және деңгейін жоғарылатуға, сондай-ақ жобалау және құрылыс саласындағы қазақстандық компаниялардың шетел нарығына шығуы үшін мүмкіндіктер туғызуға;құрылыс өнімдерін еуропалық стандарттар бойынша шығаруды қамтамасыз ету және отандық құрылыс индустриясы кәсіпорындарының экспортқа бағдарланғанын жоғарылатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Жайымбетов.
Айта кетейік, Еурокодтар – бұл азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған еуропалық техникалық стандарттар.Стандарттар құрамына құрылыс объектиілерінің барлық түрлері мен құрылымдары: болаттар, темірбетондар, ағаштар, кірпіш қалау және алюминий кіреді.Құрылыстағы Еурокодтарды әзірлеудің негізгі мақсаты – құрылыс тауарларының еркін айналысымен және жоғары деңгейдегі сапа мен қауіпсіздік қызметінің ішкі нарығын құру.Еурокодтар құрылыс фирмаларының, мердігерлердің, жобалаушылардың және құрылыс өнімдері өндірушілерінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру