- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 100 темір жол станциясы қуат көзін үнемдеуші заманауи құрылғылармен жабдықталған
Қазақстанның 100 темір жол станциясы қуат көзін үнемдеуші заманауи құрылғылармен жабдықталған

Қазіргі кезде 11 588 диодты шамдар орнатылып, соның нәтижесінде 2015 жылы айына миллион кВт.сағат электр қуатын үнемдеуге қол жеткізді.
Жаңа шамдар станцияларды жарықтандыру сапасын көтереді. Ол арқылы мыңдаған вагондардың техникалық және коммерциялық жағдайын тексеру, жолаушылар және жүк пойыздарын дайындау мен жөнелту қызметтері атқарылады.
Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде еліміздің ірі станциялары, мәселен, батыс өңірдегі Ақтөбе, Мақат, Маңғыстау станцияларында, солтүстік өңірдегі –Көкшетау, Құсмұрын, шығыстағы – Семей, Үштөбеде қуат көзін үнемдеуші жаңа қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталған.
«Аталмыш жарық шамдары магистральдық желідегі станцияларды жарықтандырады. Олар электр қуатын үнемдеп қана қоймай, ауа райының қолайсыз кезеңдерінде де үзіліссіз жұмыс істейді. Әрі пайдалану мерзімі де ондаған жылдарға жетеді»,- дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев.
Станциялар мен темір жол өтпелеріндегі, инфрақұрылым нысандарындағы сыртқы жарықтандыру қондырғыларын қайта жарақтандыру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның технологиялық үдерістегі қуат үнемдеуін жақсарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Ұлттық компания 2017 жылдың аяғына дейін жиырма мыңнан астам диодты шамдарды орнатуды жоспарлап отыр.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
-
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
-
Президент жолдауынан басталған игі істер
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары

