- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысына ИИДМБ аясында 1191,1 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде
Павлодар облысына ИИДМБ аясында 1191,1 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде
2015 жылы инвестициялар көлемі 443,2 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды (жұмыс орындарының саны – 1992).
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 128,4 млрд. теңгені құрапды. Бұл 2014 жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштің 112,9%-ын құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 124,3%, мал шаруашылығы – 103,4%.
Құрылыс жұмыстары 173,9 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың дәл осы кезеңінің 148,7%-ын құрады. Барлығы 164,6 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (81,8%).2015 жылы облыс экономикасына 448,2 млрд. теңге тартылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылдағы көрсеткіштің 122,9%-ын құрайды.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 44,3 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көбейді.
«2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3,9 млрд. теңге, оның ішінде индустриалды инфрақұрылымның дамуына – 1,4 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыра бастаған уақыттан бері «Экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерді салалық қолдау» бағыты шеңберінде 81,8 млрд. теңге сомасына 769 жоба қаржыландырылды», - делінген хабарламада.
2015 жылғы 3 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.2015 жылы облыста 12092 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 6474 тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Кеңейтілген мәжілістің қорытындысы бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев облыс басқармаларына, қала және аудан әкімдеріне облыстың 2016 жылға жоспарланған әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдауға және 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі Павлодар облысы әкімдігінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды тапсырды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды