- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстанның сыртқы саяси қызметі елдің атағын халықаралық аренада таныстырады
Н.Назарбаев: Қазақстанның сыртқы саяси қызметі елдің атағын халықаралық аренада таныстырады
Алқа мәжілісінің негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі мекемелерінің қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды.
Отырыста «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шет мемлекеттердің кең ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да талқыланды.
Алқа мәжілісінде Қазақстан Президенті сыртқы саясат ведомствосының алдына бірқатар жаңа міндет қойды және нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы министрліктің ширек ғасыр бұрын, ел үшін күрделі уақытта құрылғанын атап өтті.
«Бүгінде республикамыз әлемнің 169 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Шетелде 94 елшілік жұмыс істейді, Қазақстанда өзге елдер мен халықаралық ұйымдардың 50-ден астам елшілігі мен дипломатиялық өкілдіктері бар. Отандық дипломатия арқылы көптеген жаһандық өлшемдегі сыртқы саяси бастамалар жүзеге асырылды. Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің орнына үміткер болып отыр. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы елдердің қолдауына үміт артамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті отандық дипломаттардың үлесін атап өтіп, оларға елдің Тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы саясатты дамытуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ТМД, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕАЭО сияқты маңызды халықаралық бірлестіктердің бастамашысы болғанын айтты. Сонымен қатар республикамызда осы ғасырда бірінші рет ЕҚЫҰ саммитін және ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ісессиясы өткізілді.
«Осының бәрі біздің үлесімізге тиді. Аталған іс-шараларды өткізу еліміздің атын халықаралық аренада танытты. Сонымен бірге алда тұрған міндеттердің маңызы да бұлардан кем емес. Сондықтан, атқарылған шаруаны бағалай отырып, алдағы қадамдарымыз туралы ойлану керек», – деді Мемлекет басшысы.
Алқа барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов сөз сөйлеп, ведомство елдің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілетуге, Қазақстанның халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтуға және шет ел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуға ниетті екенін айтты.
Сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің, «Астана -2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовтің, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерінің баяндамалары тыңдалды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты