- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті
ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті
4 Ақпан, 2016 08:37
Тәуелсіздіктің 25 жылдығының құрметіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 жоғары оқу орнында 30 мыңға жуық студенттің қатысуымен бір мезетте таңертеңгілік жаттығу өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Іс-шараның негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институты мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өтіп, оған 1 мыңға жуық студент қатысты. Ұйымдастырушылар бір мезетте бірдей жаттығу жасау арқылы өңір жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануға, елін, жерін қорғаған өрендерімізге құрмет көрсетуге баулуды мақсат тұтты.
Айта өтейік, облыстағы 11 жоғары оқу орнының 9-ы Шымкентте, 2-уі Түркістан мен Мақтаарал ауданында орналасқан. Бұл оқу орындарында бүгінгі таңда 66,5 мың ізденуші білім алады.
Оның 45 мыңнан астамы күндізгі бөлімде оқыса, 8 мыңнан астамы сыртқы, 13 мыңнан астамы кешкі бөлімдерде оқиды. Еске салсақ, жалпы облыста бүгінде 800 мыңға жуық жас тұрада.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді