• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құрылыстың сметалық құнын анықтау әдісі бойынша әр түрлі өңірлерде 414 жоба әзірленді – ҰЭМ

Құрылыстың сметалық құнын анықтау әдісі бойынша әр түрлі өңірлерде 414 жоба әзірленді – ҰЭМ

3 Ақпан, 2016 13:04
Құрылыстың сметалық құнын анықтау әдісі бойынша әр түрлі өңірлерде 414 жоба әзірленді, деді ОКҚ-да ҰЭМ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

«2015 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылыстың бағасын анықтау ресурсы берілді. Ол әр түрлі құрылыс нысандарының нақты нарықтағы бағасын анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, ресурстық әдіске көшу барысында ҚР «Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі» Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді. 10 нормативтік-құқықтық акт пен 350 сметалық-норматиытік құжат әзірленді.

«Құрылыс саласының  ресурстық әдісіне көшу жолында оқыту курстары ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 1190 маман оқытылды. 5 мың қолданушы ресурстық әдіс арқылы оқыту нұсқасына ие болды», - деді М.Жайымбетов.

Сондай-ақ, бүгінде ресурстық әдістер бойынша 414 жоба әзірленді, оның 287 жобасы сарапшылық бағаға ие болды. 127 қаралып жатыр.

Индира Кауметова

 

 

 

Барлық жаңалықтар