• Басты
  • Жаңалықтар
  • 1 наурызынан бастап жобалау құжаттары Мемкорпорация мен электронды үкімет арқылы беріледі

1 наурызынан бастап жобалау құжаттары Мемкорпорация мен электронды үкімет арқылы беріледі

3 Ақпан, 2016 12:39
2016 жылдың 1 наурызынан бастап жобалау құжаттары Мемкорпорация мен электронды үкімет арқылы беріледі. Бұл Ұлт жоспарының 46-қадамына сәйкес, рұқсат алуды оңтайландыру. Құрылысқа рұқсат алудың үш сатысы. («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ-да ҰЭМ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

«Құрылыс саласында рұқсат беру үрдісін оңтайландыру мақсатында «бір терезе» арқылы  жұмыс істеу енгізілді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 46 қадамын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Аулақты құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерін өту қағидалары әзірленіп, бекітілді», - деді ол.

Құрылыс саласындағы бастапқы рұқсат алу құжаттарын алу және рәсімдерін реттеу мақсатында Аулақты құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерін өту қағидаларымен (жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үш негізгі сатысы реттеліп, оңтайландырылды:  бірінші саты – бастапқы рұқсат алу құжатын алу;   екінші саты – эскиздік жобаны келісу;үшінші саты – объектіні пайдалануға беру.

«Бірінші саты - сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру – 30 күнге дейін: жобалауға және құрылысқа бастапқы рұқсат алу құжаттарын беру мерзімін жобаның күрделілігіне қарай екі еседен аса – 40 күннен 17 жұмыс күніне дейін қысқартылды.Екінші саты – эскиздік жобаны келісу – 20 күнге дейін: эскиздік жобаны келісу мерзімі жобаның күрделілігіне қарай 60 күннен 15 күнге жұмыс күнге қысқарды»,-  деді ол.

Ол айтып өткендей, үшінші саты – құрылыс салуға рұқсат беру – 10 күнге дейін: құрылыс салуға рұқсат беру рәсімі (қағаз түрінде) құрылысты бастау туралы хабарлама беруге (электронды түрде) ауыстырылды.

«Аталған Қағиданы қабылдау:мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес мекемелердің құжаттарды қарау нақты мерзімдерін бекітуге; «бір терезе» принципін толыққанды жүзеге асыруға;кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қызметкерлер мен коммуналдық қызмет өкілдерімен байланысын азайтуға мүмкіндік
береді», - деді М.Жайымбетов.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар