• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ақ жол» партиясы атынан депутаттыққа үміткерлердің 70 пайызы бизнес өкілдері (ФОТО)

«Ақ жол» партиясы атынан депутаттыққа үміткерлердің 70 пайызы бизнес өкілдері (ФОТО)

3 Ақпан, 2016 12:31
«Ақ жол» партиясының депутаттыққа үміткерлерінің 70 пайызы бизнес өкілдері, деді «Ақ жол» ХДП төрағасы Азат Перуашев партияның XIII съезігнде.

«Бүгін «Ақ жол» партиясының басты электоральді мақсаты сан қуу емес, партияның Парламентте тіркелуі, осыған дейінгі көрсеткішті қайталау», - деді А.Перуашев.

Ол атап өткендей, Парламентке қайта өтудің өзі үшін үлкен жеңіс болмақ.

«Жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар жергілікті жерлерде тиісті филиалдармен ұсынылатыны белгілі, филиалдар мұны облыстық және қалалық конференцияларда жүзеге асырды. Сенім көрсету ұстанымына және партиялық ынтымақтастыққа сәйкес, съезге осы конференциялардың шешімдерін мақұлдаумен шектелу жеткілікті. Ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізіміне қатысты партияның орталық органдарының филиалдармен бірлесе отырып, үлкен дайындық жұмысын жүргізгенін съез делегаттарына баяндағым келеді»,-деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Оның айтуынша, кеңес барысында партияның бірқатар жетекшілері өздерінің кандидаттығын алып, жастарды ұсынды.

 «Бұл тізімге 35 адам еніп отыр, оның ішінде 24-і бизнес өкілдері мен кәсіпорындар және банк құрылымдары басшылары, ал 6 адам ұлттық және техникалық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ тағы бесеуі партиялық органдардың жетекшілері. Кандидаттардың орташа жасы – 4», - деді А.Перуашев.

Ботагөз Айтжанова 

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев 

 

 

Барлық жаңалықтар